
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі хабарлайды есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған «Мен эрудитпін» республикалық пәндік интернет олимпиадасы өткізілуі туралы хабарлайды.
Қатысушылар санаты:
есту қабілеті зақымдалған (естімейтін, нашар еститін және кеш естімей қалған, кохлеарлық имплантациялау операциясынан кейін) арнайы мекемелердің ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін бастауыш орта және негізгі орта білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 2-10 сыныптар оқушылары; түзету сыныптарда; инклюзия шеңберінде негізгі орта білім беру мекемелерінің үйде оқитын оқушылары (2-9 сыныптар).
Республикалық пәндік интернет-олимпиаданы өткізу «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ және «Мені тыңда» ҚҚ қолдауымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ базасында ұйымдастырылды.
Қатысу үшін оқу орнынан куратордың тіркелу парағын толтыру қажет.
(Егер сіз тіркелуге өтініш беріп қойған болсаңыз және тіркелгіңіз болса, тіркеу формасын қайта толтырудың қажеті жоқ)






